Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасы қанша пайда тапқаны белгілі болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионының 3-тобында бірінші орын алған болатын

фото: pikabu.ru

Ұлттар лигасында футболдан Қазақстан құрамасы қанша пайда тапқаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл турнирге қатысқаны үшін Қазақстан С дивизионындағы басқа құрамалар сияқты нақты 1,125 миллион еуро нақты сыйақы алды.

Ал С дивизионында жеңіске жеткені үшін жоғары сомма екі еселенді. Яғни, жалпы сыйақы 2,25 миллион болды.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы С дивизионының 3-тобында бірінші орын алып, В тобына жолдама алды. Осылайша, біздің құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатына таласуға мүмкіндік алды.

Тегтер: