Александр енді испаниялық Пабло Карреньо-Бустамен кездеседі
Қазақстанның бірінші, әлемнің 47-ракеткасы Александр Бублик АҚШ ашық чемпионатының екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Қазақстанның теннис федерациясына сілтеме жасап.
Бублик бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 72-орында тұрған франциялық Юго Гастонмен өткізді.
Қазақстандық теннисші 6:4, 6:4, 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Александр екінші айналымда әлемнің 15-ракеткасы, испаниялық Пабло Карреньо-Бустамен шеберлік байқасады.