Головкин — «Канело» жекпе-жегі кинотеатрларда көрсетіледі

Автор: Azattyq Rýhy

Бокс кеші 17-ші қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді

фото: www.sports.kz

Мексиканың Cinemex кинотеатрлар желісі Головкин-«Канело» жекпе-жегін кинотеатрларда көрсететін болады. Бұл туралы Azattyq Rýhy Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бокс кеші 17-қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында өтеді. Бұл айқаста «Канелоға» тиесілі WBA Super, WBC, WBO және IBF белбеулері сарапқа салынады.

Головкин — Альварес кездесуі Мексиканың бірқатар қалаларындағы кинотетрларда көрсетілмек, билет құны 3 - 7 доллар шамасында.