Қазақстанда сегіз ай бұрын құрылған клуб жабылуы мүмкін

Автор: Azattyq Rýhy

Команданың ойыншылары үш айдан бері айлық алмаған

фото: Reuters

Футболдан екінші лигада ойнайтын Aqtobe City клубы чемпионаттан шеттетілуі мүмкін, деп жазады vesti.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

«Клубта қаржылық қиындықтар бар. Ойыншылар үш айдан бері айлық алмай келеді. Іссапар мен логистикаға қаржы жоқ. 12 турда Ақтауда «Каспий Ж» командасымен ойнауы тиіс еді. Алайда сырт алаңдағы матчқа бара алмады. Енді клубқа айыппұл бекітіліп, техникалық жеңіліс жазылады. Келесі жолы осындай жағдай қайталанса клубты жарыстан шеттетеді», - деп жазады басылым.

Бірінші айналымнан кейін Aqtobe City клубы 12 команданың арасында сегізінші орында келеді.