Айбол Әбікен допинг қолданғаны үшін футболдан шеттетілді

Автор: Azattyq Rýhy

Оның ағзасынан мельдоний препараты табылған

фото: aladop.kz

Қазақстан құрамасы мен «Ақсу» футбол клубының ойыншысы Айбол Әбікен допинг сынамасының оң нәтижесіне байланысты төрт жылға спорттан шеттетілді, деп Azattyq Ruhy.

Әбікен допинг-тесттен Қазақстан құрамасының басқа ойыншыларымен бірге наурыз айының соңында Ұлттар лигасындағы Молдовамен болатын плей-офф матчы қарсаңында өткен еді.

Футболшының допинг сынамасынан рұқсат етілмеген мельдоний дәрумені табылған.

Енді ол 2026 жылға дейін футболға орала алмайды.