Жарыс 28 маусымда басталады
Бокстан Қазақстан құрамасы Куба боксшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл туралы бас бапкер Қайрат Сәтжанов мәлімдеді, деп хабарлайды prosports.kz.
Оқу-жаттығу жиыны Қазақстан, Куба, Қырғызстан, Өзбекстан және Жапония боксшыларының қатысуымен маусым айының 14-28 аралығына жоспарланған.
Осыған дейін «Президент кубогы» деп аталып келген «Елорда кубогы» 28 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласында басталады.