«Ахмат» шабуылшысы Қазақстан құрамасына ауысуға ниет білдірді
«Ахмат» шабуылшысы Идрис Умаев азаматтығын ауыстырып, Қазақстан құрамасында ойнауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
23 жастағы футболшы Қазақстан құрамасының жаңа бас бапкері Магомед Адиевке хабарласып, азаматтығын ауыстыруы мүмкін екенін айтты.
Умаевтың әкесі Қазақстанда дүниеге келген, ал футболшының өзі өткен маусымда «Шахтер» сапында үш турнирде жеті гол соққан.
Қазіргі уақытта Идрис Умаев «Ахмат» сапында 10 кездесу өткізді.