Бұған қоса қазақстандық спортшылар 12 қола жүлде жеңіп алды
Сурдлимпиада ойындарында Қазақстан үшінші күміс жүлдені иеленді. Кезекті жүлдені ел қоржынына ядро лақтырудан Ольга Хижникова салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Спортшы 12.32 м нәтижесімен екінші орынға тұрақтады. Бірінші орынды Украин спортшысы жеңіп алса, үздік үштікті Колумбия өкілі қорытындылады.
Сурдлимпиада ойындарының 9-шы күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан қоржынында 3 күміс, 12 қола жүлде бар.