Карина Жұмажанова Ыстанбұл турнирінің жеңімпазы атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен төртінші санаттағы турнир

фото: ktf.kz

Қазақстандық Карина Жұмажанова жұптық сында 18 жасқа дейінгілер арасында Ыстанбұлда мәреге жеткен төртінші санаттағы турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy теннис федерациясына сілтеме жасап.

Карина франциялық Марго Фанталамен бірге финалда жарыстың 3-ракеткалары - мысырлық Мариам Ибрахим, малайзиялық Сун Ян Танмен шеберлік байқасты. Қазақстандық-франциялық жұп тартысты бәсекеде 3:6, 6:1, 10:8 есебімен жеңіске жетті. Карина Жұмажанова жекелей сында ширек финалға дейін жетіп, онда норвегиялық Эмилия Лундеге есе жіберді – 5:7, 3:6.

Тегтер: