Сенсация. Сауль Альварес Биволдан жеңіліп қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Жекпе жекте WBC нұсқасы бойынша жартылай ауыр салмақта бокстан әлем чемпионы атағы сарапқа салынды

фото: prosports.kz

8 мамырға қараған түні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ресейлік Дмитрий Бивол мен мексикалық Сауль Альварес арасында өткен жекпе-жек сенсациямен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгін Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында бокс кеші өтті, оның басты оқиғасы мексикалық Сауль «Канело» Альварес пен ресейлік боксшы Дмитрий Бивол арасындағы WBA Super жартылай ауыр салмақтағы титулы үшін жекпе-жек болды.

Жекпе-жек барлық 12 раундқа созылды. Төрешілер Биволды жеңімпаз деп таныды.

Осылайша, Бивол жеңілмеген деген атағын сақтап қалды. «Канело» мансабында екінші рет жеңілді.