Үндістанның Нью-Дели қаласында 14 жасқа дейінгілер спортшылар арасында әлем чемпионаты Азия/Тынық мұхит аймағының топтық іріктеу сайыстары басталды
Еліміздің жасөспірімдер құрамасы D тобында Индонезияны 3:0 есебімен ойсырата ұтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Дамир Жалғасбай Али Коста Рафалентиноны 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді. Қазақстанның 14 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы, Еуропа теннисі чемпиондық кестесінде көш бастап келе жатқан Заңғар Нұрланұлы Вишна Рангеден 6:3, 6:3 есебімен басым түсті. Жұптық сында Д.Жалғасбай Даниэль Тазабековпен бірге қарсыластарынан айласын асыра білді – 6:2, 6:3», деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы.
Ертең қазақстандық жасөспірімдер Шри-Ланка құрамасымен ойнайды.