Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогінен 5 медаль жеңіп алды

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған бәсекеге дзюдодан Қазақстан жастар құрама командасы қатысты

Қазақстандық дзюдошылар Еуропа кубогінен бір алтын, үш күміс және бір қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

23-24 сәуір күндері Польшаның Познань қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогі өтті. Аталған бәсекеге дзюдодан Қазақстан жастар құрама командасы қатысты.  

Ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген спортшылар тізімі келесідей:  

  • Алтын - Мерей Марханбетов (60 келі) 
  • Күміс - Нұрқанат Серікбаев (60 келі) 
  • Күміс - Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келі) 
  • Күміс - Жұрқамырза Шүкірбеков (-100 келі) 
  • Қола - Нұрсұлтан Жұбатқан (60 келі)