Ұлан-Баторда Азия чемпионаты өтіп жатыр
Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда күрес түрлерінен Азия чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күнінде төрт қазақстандық балуан финалға жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Құрлықтық біріншіліктің алғашқы күнінде грек-рим күресінен 55, 63, 77, 87 және 130 келі салмақ дәрежесіндегі балуандар боз кілемге шықты. Іріктеу кезеңінде Қазақстан сапынан Аманғали Бекболатов, Мирамбек Айнағұлов, Мақсат Ережепов, Әлімхан Сыздықов финалға шықса, Нұрсұлтан Тұрсынов қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды.
Финал елорда уақытыман сағат 16:00-де басталады.
Қазақстандық спортшылардың финалдық кезеңдегі қарсыластары келесідей болмақ:
Финал