Сергей Морозов кезекті жекпе-жегінде бразилиялық Раулиан Пайвамен кездеседі
Қазақстандық файтер Сергей Морозовтың UFC-дегі келесі кездесуі өтетін күні мен қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Отандасымыз әлемнің ең үздік лигасындағы кезекті жекпе-жегінде бразилиялық Раулиан Пайвамен кездеседі.
Морозов — Пайва жекпе-жегі 25 маусымда өтеді.
Айта кетейік, Пайва қазақстандық ММА жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол 2020 жылы Жалғас Жұмағұловты жеңген болатын.