Ұлттық құрамада Айя Нұпбай, Асылжан Арыстанбекова мен Карина Жұмажанова бар
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Нью-Делиде мәреге жеткен Билли Джин Кинг кубогының (әлем чемпионаты) іріктеу сайысында бесінші орынға ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.
Қазақстандық қыздар бесінші саты үшін бәсекеде Гонконг құрамасын 2:0 есебімен ұтты. Қазақстан құрамасы сапында Айя Нұпбай, Асылжан Арыстанбекова және Карина Жұмажанова ойнады.
«Жалпы, қыздар жақсы өнер көрсетті. Ширек финалда Аустралияға тап келдік. Кейін аустралиялықтар осы іріктеу сайысының жеңімпазы атанды. Бұдан былай да шеберлігімізді ұштай түсетін боламыз», деді команда капитаны Ярослава Шведова.