Алғашқы медаль: қазақстандық парабиатлонист «қола» алды

Автор: Azattyq Rýhy

Бірінші орынды канадалық спортшы алды

Фото ашық дереккөзден

Қазақстандық пара биатлоншы Александр Герлиц Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиадада қола медальға ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Александр Герлиц мәре сызығын үшінші болып қиды. Ол жарыс жеңімпазы атанған канадалық Марк Арендзден 1:25.6-ке қалып қойды. Күміс жүлдені украиналық Григорий Вовчинский алды.

Айта кетейік, бұл медаль – биылғы қысқы Паралимпиадада қазақстандық спортшылардың алғашқы жүлдесі.