Қазақстандық таеквондошы Иранда өткен турнирде күміс жүлдегер атанды

Автор: Azattyq Rýhy

Рейтингілік турнир Тегеранда өтіп жатыр

Фото ашық дереккөзден

4-5 наурыз күндері Иран астанасы Тегеранда таеквондодан рейтингілік «Asian taekwondo clubs championship» турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бірінші жарыс күнінде қазақстандықтар алты медаль жеңіп алды. Нұрай Бауыржанова (49 келі) мен Жансель Дениз (73 келі) финалда тізе бүгіп, күміске иелік етті.

Ал Айдана Еділбаева (46 келі), Рита Бакишева (46 келі), Әмина Нұрғазықызы (62 келі) және Нұрай Құсайынова (67 келі) жартылай финалда сүрініп, турнирдің қола жүлдегерлері атанды.