Дзюдодан Grand Slam турнирінің уақыты мамыр айына дейін шегерілді

Автор: Azattyq Rýhy

Бастапқыда наурыз айының соңына белгіленген

Халықаралық дзюдо федерациясы Grand Slam турнирі кейінге шегерілетіні жайлы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Olympic.kz.

«Қазіргі уақытта әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты Халықаралық дзюдо федерациясы мен Тбилисидегі Grand Slam турнирінің ұйымдастырушылары бастапқыда 2022 жылдың 25-27 наурызына жоспарланған шараны 2022 жылдың 3-5 маусымына дейін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады», - делінген халықаралық ұйымның сайтында.

Тегтер: