Боксшы Тайсон Фьюри карьерасын аяқтайтынын айтты

Автор: Azattyq Rýhy

Оның соңғы жекпе-жегі 23 сәуірде өтеді

Фото ашық дереккөзден

WBC нұсқасы бойынша аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы британиялық Тайсон Фьюри (30-0-1, 21 КО) міндетті қарсыласы, отандасы Диллиан Уайтпен (28-2, 19 КО) өтетін жекпе-жегінен соң карьерасын аяқтайтынын мәлім етті. Бұл туралы Azattyq Rýhy Eurosport басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың арасындағы жекпе-жек 23 сәуірде Лондондағы «Уэмбли» футбол стадионында өтеді.

«Бұл менің соңғы жекпе-жегім. Осы кездесуден кейін бокстан кетемін. Банкте 150 миллионым бар, әлі жаспын және денім сау. Өзіме шетелде үлкен яхта сатып аламын. Мен кетіп барамын, бұл менің соңғы жекпе-жегім. Өз карьерамды аяқтадым», - деді боксшы.

Айта кетейік, қазан айында Фьюри Деонтей Уайлдерді жеңіп, WBC белбеуін қорғап қалған.