Волейболдан әлем чемпионаты Ресейде өтпейтін болды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазір әлем чемпионатын қабылдайтын өзге мемлекет қарастырылуда

Халықаралық волейбол федерациясы (FIVB) Ресейді 2022 жылғы әлем чемпионатын өткізу құқығынан айырды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Волейболдан әлем чемпионаты осы жылдың 26 тамызы мен 11 қырүйегі аралығында Ресейдің 10 қаласында өтуі тиіс еді.

Алайда, Украинамен арадағы жағдайға байланысты әлемдік федерация Ресейдегі доп додасын өткізбейтін болды.

Қазір әлем чемпионатын қабылдайтын өзге мемлекет қарастырылуда.