Валентина Хальзова бокстан халықаралық «странджа» кубогында жеңімпаз атанды
Болгарияның София қаласында бокстан «Странджа» кубогы өтті. Жарыстың соңғы күнінде әйелдер арасында 70 келі салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған салмақ дәрежесінде қазақстандық Валентина Хальзова топ жарды. Ол финалда ресейлік Галина Головченконы 4:1 есебімен ұтты.
Айта кетерлігі, бокстан әйелдер құрама командасы аталған жарысты екі алтын, екі күміс және төрт қола жүлдемен аяқтады.
Әйелдер арасында қазақстандық жеңімпаздар мен жүлдегерлер тізімі келесідей:
Алтын
Назым Қызайбай (50 кг);
Валентина Хальзова (70 кг).
Күміс
Дина Жоламан (54 кг);
Ләззат Күйгенбаева (+81 кг).
Қола
Надежда Рябец (75 кг);
Дариға Шәкімова (66 кг);
Анастасия Баязитова (81 кг);
Римма Волосенко (60 кг).