Санкт-Петербургтегі «Газпром Арена» стадионында өтуі тиіс болатын
Футболдан Чемпиондар лигасының 2022 жылғы финалы Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өтпейтін болды. Бұл туралы Azattyq Rýhy New York Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
UEFA басшылығы финалды Францияның Париж қаласындағы «Стад де Франс» стадионында өткізу туралы шешім қабылдады. Франция Чемпиондар лигасының финалын 2006 жылдан кейін алғаш рет өткізгелі отыр.
Футболдағы ең беделді турнирдің финалы 28 мамыр күні өтеді.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының финалдық ойыны Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы «Газпром Арена» стадионында өтуі тиіс болатын.