Оның бапкері – Яна Аринцева
Ресей астанасы Мәскеуде көркем гимнастикадан Гран-при турнирі аяқталып, қазақстандық Эльжана Таниева жүлдеге ілікті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Элжана ұршықпен жаттығуда күміс медаль иеленді. Бұл Таниеваның Гран-при турниріндегі алғашқы жүлделерінің бірі.
Бұл жаттығу бойынша алтын медальді ресейлік Лала Крамаренко, қоланы оның отандасы Арина Аверина еншілеген.
Айта кетелік, Эльжана Таниева Ресейдегі Ирина Винер-Усманова орталығында жаттығады. Бапкері – Яна Аринцева.