Қысқы Олимпиада: қазақстандық шаңғышылардың нәтижесі

Автор: Azattyq Rýhy

Жалпы жарыс жолына 99 шаңғышы шықты

Қысқы Олимпиада ойындарында ерлер арасында шаңғы спортынан классикалық әдіспен 15 км қашықтықта жүру бойынша жарыстар аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл санатта Қазақстан құрамасы сапынан Виталий Пухкало мен Евгений Величко шықты. Жарыс нәтижесі бойынша Виталий Пухкало мәреге 25-ші, ал Евгений Величко 40-шы болып жетті. Пухкало тиісті қашықтықты 40:39:6 уақытта бағындырса, Величко 41:27:3 уақытта жүріп өтті.

Айта кетерлігі, жалпы жарыс жолына 99 шаңғышы шықты.