Дегенмен тактикалық және физикалық тұрғыда әлі жетілдіретін тұстар көп екенін айтты
Қазақстандық конькиші Дмитрий Морозов Бейжің Олимпиадасында 1500 метрге жүгіруден 18-орын иеленді. Бәсекеден кейін ол осы нәтижесіне көңілі толатынын айтты. Бұл туралы Azattyq Rýhy Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Жалпы алғанда, өз нәтижем көңілден шығады. Бірақ тактикалық және физикалық тұрғыда әлі жетілдіретін тұстар көп. Алда масс-старт бар. Екі қашықтыққа да дайындалдым.
Масс-стартты лотерея деп атасам да, артық емес. Барлығы да болуы мүмкін. Өйткені, әрдайым жақсы нәтижеден үміттенетіміз рас қой... Мұндағы мұз біздің «Алаудағы» мұз айдынына ұқсайды.
Жұбайым Надежданың жарысқа түскен сәтін теледидар арқылы қарап жүрмін. Екеуміз бірге жаттығамыз», - деді Морозов.