02.02.2022, 16:39
Спорт
Абылайхан Жүсіпов кәсіби боксқа ауысуына қатысты мәлімдеме жасады
Ол – бокстан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері
Бокстан Қазақстан командасының капитаны Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой боксқа ауысты. Бұл туралы спортшының өзі мәлімдеді деп хабарлады Olympic.kz.
«Бұл шешімді әлем чемпионатынан кейін қабылдадық. Әуесқой бокстан түбегейлі кеттім демеймін. Бас бапкерге хабарласып, рұқсатын алдым. Алдағы уақытта ірі жарыстар қарсаңында ұлттық құрамамен жаттығатын жоспарым бар», - дейді Жүсіпов.
Абылайхан Жүсіпов бокстан әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері. Рио және Токио Олимпиадаларының қатысушысы.
Сербиядағы әлем чемпионатына Абылайхан команда капитаны ретінде қатысқан болатын.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 12:00
Жабал Ерғалиев: Отанға деген сүйіспеншілік үлкен сөздерден емес, күнделікті қарапайым істерден басталады
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды