Шавкат Рахмоновтың қарсыласы допинг қолданып жұдырықтасқан

Автор: Azattyq Rýhy

Бразилиялық спортшы екі жыл бұрын да допингпен ұсталған

Фото ашық дереккөзден

Аралас жекпе-жектің бразилиялық шебері, UFC ұйымының 40 жастағы ардагері Мишель Празерес допинг-тесттен өте алмады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сараптама қорытындысы оның қанында кломифен, оксандролон мен экзогеннді тестостерон барын көрсеткен. USADA спортшыны төрт жылға шеттеді.

Празерес қазақстандық Шавкат Рахмоновтың кейінгі қарсыласы. Маусым айында ол отандасымыздан жеңіліп, UFC-ден кеткен болатын. Ал қазір іскерлікпен айналысып жүр екен.

Бразилиялық спортшы екі жыл бұрын да допингпен ұсталып, үлкен спорттан шеттелген болатын.