Қазақстан құрамасы француздардан ойсырай жеңілді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл – Қазақстанның ресми ойындардағы ең ірі жеңілісі

Фото ашық дереккөзден

Футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Франциядан 0:8есебімен жеңілді. Ойын Франция астанасы Парижде өтті.

Бұл Қазақстан құрамасының іріктеу кезеңіндегі соңғы ойыны болды. 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеуде Қазақстан 3 ұпай ғана жинап, соңғы орынмен аяқтады.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов шәкірттерінің сәтсіз ойынынан кейін: «Өте ауыр жағдай. Бізде мүмкіндік болды, бірақ көп сәтте соңына дейін ойнамадық. Жігіттердің өз күшіне сенімді болмағаны көрініп тұр», - деп пікір білдірді.

Айта кетейік, бүгінгі ойынға дисквалификация алған Бақтиер Зайнутдинов пен Ян Вороговский қатыспады. Сондай-ақ, матч алдында Георгий Жуков, Азат Нұрғалиев, Сергей Малый және Юрий Логвиненко жарақат алып, Парижге бара алмады.