Головкин Жапонияда әлем чемпионымен жұдырықтасады

Автор: Azattyq Rýhy

Жекпе-жек Токиодағы Saitama Super аренасында өтеді

Кәсіпқой бокста орта салмақта IBF және IBO титулдарына ие қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) осы дивизионда WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жұдырықтасатын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жекпе-жек 29 желтоқсан күні Жапонияда өтеді.

«Жапониядағы Big Drama. 29 желтоқсанда көрісеміз», - деп жазды GGG Instagram желісінде.

GGG DAZN платформасымен жаңа келісімшарт бойынша Жапонияда алғашқы жекпе-жегін өткізбек. Сонымен қоса, Головкин биыл рингке алғаш рет шыққалы тұр.

Жекпе-жек Токиодағы Saitama Super аренасында өтеді.