Боксшының еншісінде кем дегенде қола медаль бар
Бокстан әлем чемпионатының ширек финалы өтіп жатыр. Қазақстан сапынан алғаш болып шаршы алаңға шыққан Теміртас Жүсіпов жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Теміртас ширек финалда өзбекстандық Нодиржон Мырзахмедовті жеңді. Төрешілер 5:0 есебімен жеңісті отандасымызға берді.
Нәтижесінде, Теміртас Жүсіпов әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алды. Боксшының еншісінде кем дегенде қола медаль бар.