Күндізгі сессия елорда уақытымен сағат 18:00-де басталады
Бүгін бокстан ерлер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалында 10 қазақстандық спортшы бақ сынайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Биылғы біріншілікте спортшылар 13 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтайды. Қазақстан құрамасы аталған дүниежүзілік біріншілікке толық құраммен қатысуда. Нәтижесінде, 10 спортшы ширек финалға дейін жетті.
Әлем чемпионатында 88 елден жиналған 510 боксшы бақ сынайды. Енді 42 елдің 104 боксшысы жарысты әрі қарай жалғастырып, бүгін басталатын 1/4 финалға қатысады.
Ширек финалға шыққан қазақстандық спортшылар мен олардың қарсыластары:
«Әлем чемпионатының күндізгі сессиясы елорда уақытымен сағат 18:00-де басталады. Күндізгі кезеңде Қазақстан сапынан Теміртас Жүсіпов, ахмұд Сабырхан, Абылайхан Жүсіпов, Нұрқанат Райыс және Саматәлі Төлтаев шаршы алаңға шығады.
Ал кешкі сессия елорда уақытымен сағат 23:00-ге жоспарланған. Кешкі сессияда отандастарымыз Санатәлі Төлтаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайға жанкүйер болады», - деп жазады Olympic.kz.