Әйелдер күресі: Отандасымыз бүгін әлем чемпионатының финалында күш сынасады

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жартылай финалда түркиялық қарсыласын жеңді

Қазақстандық балуан Жамиля Бақбергенова әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер күресінен Жамиля Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда Бусе Турсынды (Түркия) жеңді. Екеуара кездесу 13:2 есебімен отандасымыздың еншісіне шешілді.

Қазақстандық балуан финалда Масако Фуруичимен кездеседі.

Айта кетерлігі, қос қарсылас 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен әлем чемпионатының жұбаныш финалында кездескен.

Әлем чемпионатының финалы 7 қазан күні елорда уақытымен сағат 22:00-де басталады.