Олар МЮ мен «Эвертон» арасындағы ойыннан кейін кездесті
UFC-дің бұрынғы чемпионы, спорттық карьерасын аяқтаған Хабиб Нурмагомедов пен «Манчестер Юнайтед» командасының шабуылшысы Криштиану Роналду көз түйістірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қос спортшы «Манчестер Юнайтед» пен «Эвертон» арасында өткен ойыннан кейін кездескен.
«Ол - ең үздік. Өз ісіңді ары қарай да жалғастыра бер, чемпион. Сен әлемдегі миллиондаған адамға жігер бересің», – деп жазды Хабиб Instagram парақшасында.
Айта кетейік, португалиялық шабуылшы мен Хабиб бұрыннан дос. Нурмагомедов осыған дейін де Роналдуды футбол тарихындағы үздік ойыншы деп бағалаған.
«Криштиану Роналду — мен үшін футбол тарихындағы үздік ойыншы. Бұл жігіт сонау 2004 жылы финалда ойнаған. Сол жылдан бүгінге дейін үздіктердің, үздік сұрмергендердің қатарынан түскен жоқ. Футболда 16 жылдан астам уақыт жоғары деңгейде өнер көрсетіп келеді», - деген Хабиб осыған дейінгі сұхбаттарының бірінде.