Токио-2020: Боксшы Надежда Рябец те жеңілді

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстанның үш боксшысы жарыс жолынан шығып қалды

Olympic.kz

Боксшылар Абылайхан Жүсіпов пен Василий Левит секілді Надежда Рябец те Олимпиада медалінен үмітін үзді. Қыздар арасында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен жерлесіміз канадалық Тамара Тиболттан жеңілді.

Рябец қыздар арасындағы бокстан Токио Олимпиадасындағы Қазақстанның жалғыз үміті болатын.

Еске салайық, кешегі жарыс күні 69 келіде өнер көрсеткен Абылайхан Жүсіпов америкалық қарсыласынан жеңілсе, 91 келіде Василий Левит испан боксшысынан нокаутпен жеңілді.