Токио-2020: қазақстандық дзюдошы Ерлан Серікжанов екінші айналымда жеңілді

Автор: Azattyq Rýhy

Ол жарысты жалғастыра алмайды

Токио Олимпиадасында дзюдодан ерлер арасында 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша медаль комплекті сарапқа салынып жатыр. Осы салмақта өнер көрсеткен қазақстандық палуан Ерлан Серікжанов екінші айналымда жеңілді.

Ширек финал жолдамасы үшін жерлесіміз Еуропа чемпионы және әлем чемпионатының жүлдегері итальяндық Мануэль Ломбардомен белдескен болатын. Негізгі уақыттың аяқталуына санаулы секундтар қалғанда Ерлан Серікжанов вазари әдісіне түсіп қалды.

Айта кетейік, бұған дейін бірінші айналымда қазақ дзюдошысы Әзірбайжаннан келген Орхан Сфааровты жеңген болатын.