Ол қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді
Қазақстандық боксшы Серік Теміржанов Токио олипмпиадасындағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады. 57 келіге дейінгі салмақ дәредесінде өнер көрсететін жерлесіміз венгр Ролан Гарошты ұтты.
Үш раунд бойы қазақстандық боксшы қарсыласына мүмкіндік берген жоқ. Рингтегі рефери екі рет нокдаун санап, есеп 5:0 (30:27, 30:27, 30:27, 30:25, 30:25) болып аяқталды.
Айта кетейік, бұған дейін Олимпиада үміті саналған қазақстандық дзюдошы Отгонцэцэг Галбадрах бірінші белдесуін қытайлық дзюдошыға жеңіліп, жарыстан шығып қалған еді.