Геннадий Головкин мен Сауль Альварес шаршы алаңда үш мәрте кездескен
Әлемге танымал боксшы Сауль «Канело» Альварес алдағы уақытта Қазақстанға келуі мүмкін. Бұл туралы хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағамбет мексикалық әріптесінің Қазақстанға келу жоспары жайлы ой бөлісті.
«Мен оған Қазақстан туралы жиі айтамын. Өзі де сұрап тұрады. Қазақстанға баратыны туралы да айтқан», – дейді Бек Нұрмағамбет.
Айта кетейік, отандасымыз Геннадий Головкин мен Сауль Альварес үш мәрте шаршы алаңда кездескен. Алғашқысы 2017 жылдың күзінде өтіп, даулы жағдайда тең аяқталған. Ал кейінгі 2018 және 2022 жылдары өткен жекпе-жектерде мексикалық боксшы басым түскен.