Футбол клубы басқарудың коммерциялық үлгісіне көшті
Павлодардың белгілі «Ертіс» футбол клубы енді өз күніне өзі көретін болды. Команда ресми түрде басқарудың коммерциялық үлгісіне көшті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Еріст» ФК баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа жеке инвесторлармен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды: «Павлодар өзен порты» АҚ (50%), «RR-CAPITAL» ЖШС (25%) және «Біріккен жеміс-көкөніс компаниясы» ЖШС (25%). Деген мемлекет тарапынан балалар мен әйелдер футболын дамытуға қаржылай көмек көрсетіле береді.
Мұндай шешім Қазақстанның кәсіби футбол клубтарын коммерцияландыру жөніндегі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында орындалды.
«2020 жылдың мамыр айында қаржылық қиындықтарға байланысты клуб Қазақстан чемпионатынан шығып қалды. Ал 2022 жылы банкрот деп танылды. 2023 жылы клубты қайта жанданып, 2024 жылы команда кәсіби футболға қайта оралды. Осылайша, екі маусым ішінде павлодарлық команда Екінші лигадан Премьер-лигаға дейінгі жолдан өтті», – делінген хабарламада.
Айта кетерлігі, 2026 жылы клубты қолдауға 250 млн теңге бөлінді. Жыл соңына дейін тағы 250 млн теңге бөлу жоспарланып отыр. Алдағы уақытта инвестиция көлемі жыл сайын кемінде 1,5 млрд теңге болмақ.
Осыған дейін Қарағандының «Шахтер» футбол клубы ресми түрде жекеменшікке өткен болатын.