Ақордаға келген спортшы Тоқаевтың өзі туралы айтқан сөзіне ағыл-тегіл жылап жіберді (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Айсұлу Сүлейменова «Әділет» партиясының депутаты

Фото: скриншот

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындарына және V Азия параойындарына қатысып, Қазақстанның намысын қолдан бермеген спортшыларды марапаттаған еді. Соның арасында президент Темірлан Тілеулес, Төрехан Сабырхан, Айбек Оралбай, Софья Берульцевалардың атын атаған. Ал параспортшы Айсұлу Сүлейменованың рекордына келгенде Тоқаев ерекше сөз сөйледі, деп жазады Azattyq Rýhy

«Параойындарда 100 метрге жүгіруден Азия рекордын жаңартқан Айсұлу Сүлейменованың қайсарлығын ерекше атап өткен жөн. Айсұлу Сүлейменова қазақтың рухы биік, намысы зор батыр қыздарының жолын лайықты жалғастырып келеді. Ол тағдырдың қиын сынағына тап болса да, тек қана алға ұмтылып, көпке үлгі болып жүр. Қазір Құрылтай депутаты ретінде азаматтық борышын адал атқарып, ел игілігі үшін қызмет етіп келеді», - деді Тоқаев.

Ақордаға барған журналистер дәл осы сәтте, дәл осы сөздер айтылып жатқанда Айсұлу Сүлейменованың көз жасына ерік бергенін түсіріп алған.

«Президент «осындай мықты қызымыз бар» дегенде көзімнен жас шықты. Осыншама қиындыққа мойымай, жетістікке жеткенде әрі оны президент атап өткенде толқып кеттім», - дейді Айсұлу Сүлейменова.