Теннисші өзін жайсыз сезініп, сұхбатты үзуге мәжбүр болған
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирі қарсаңында Францияның Canal+ телеарнасына сұхбат беріп жатқанда өзін жайсыз сезінді. Теннисші әңгімені жалғастыра алмай, түсірілімді тоқтатуды сұрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Сұхбат барысында журналист қазақстандық спортшының жағдайына назар аударып, егер өзін жайсыз сезінсе, әңгімені үзуге болатынын айтты.
«Бәрі дұрыс па? Егер тоқтағың келсе, сұхбатты аяқтай аламыз», – дейді журналист.
«Иә, өтінемін», – деп жауап берді Елена Рыбакина.
Журналист өзін жақсы сезініп тұрған-тұрмағанын нақтылағанда, теннисші жағдайының нашар екенін мойындады.
Кейін дәрігерлер Рыбакинадан вирустық инфекция анықтағаны белгілі болды. Ауруына байланысты қазақстандық спортшы WTA қорытынды турниріне қатысудан ресми түрде бас тартты. Оның орнына жарысқа украиналық теннисші Марта Костюк қатысады.
Турнир 8-15 қараша аралығында өтеді. Рыбакина жарысқа өткен жылғы чемпион мәртебесінде қатысуы керек еді. Былтыр ол WTA қорытынды турнирінің жеңімпазы атанған болатын.