Ол Олимпиаданың екі дүркін чемпионынан жеңіліп қалды
Әлем чемпионатында үміт күткен балуанымыз Ризабек Айтмұхан алғашқы белдесуінде-ақ жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Еркін күрестен 97 келіге дейінгі салмақта боз кілемге шыққан отандасымыз іріктеу кезеңінде Олимпиаданың екі дүркін, әлемнің алты дүркін чемпионы, Ресей өкілі Абдулрашид Садулаевпен кездесті.
Белдесу нәтижесінде Ризабек Айтмұхан ресейлік қарсыласынан 1:4 есебімен жеңіліп қалды.