Қазақстандық шабуылшы бір айлық үзілістен кейін алаңға шығып, голға ұласуы мүмкін шабуылға қатысты
«Бернли» футбол клубы Англия чемпионатының екінші дивизионы – Чемпионшипте сырт алаңда «Уотфордты» ірі есеппен жеңді. Матч 4:0 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Тоғызыншы тур аясындағы кездесу «Викаридж Роуд» стадионында өтті. Гол авторлары – дат жартылай қорғаушысы Якоб Бруун Ларсен (13-минут), швейцариялық шабуылшы Зеки Амдуни (19-минут), жапониялық жартылай қорғаушы Рео Хататэ (25-минут) және ағылшын жартылай қорғаушысы Маркус Эдвардс (88-минут).
Дастан Сәтбаев жарақатына байланысты бір ай үзілістен кейін алаңға алғаш рет шықты. Қазақстан құрамасының шабуылшысы 74-минутта ойынға қосылды. Ол нәтижелі пас беруге жақын болғанымен, гол офсайдқа байланысты есепке алынбады.
Сәтбаев қақпаға бір рет соққы жасап, екі әрекетінің бірінде қарсыласын сәтті алдап өтті.
«Бернли» Чемпионшиптегі осы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, жеті ұпай жинады және турнир кестесінде 22-орынға көтерілді. Ал сегіз ұпайы бар «Уотфорд» 20-орында тұр.