Шерзод Давлатов дзюдодан әлем чемпионатында топ жарды

Автор: Алмас Ерсін

Спортшы Әзербайжанда өткен додада күміс жүлдені жеңіп алды

Фото: ҚР ҰОК

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Бакуде өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол Әзербайжан өкілі Ахмед Юсифовпен белдесті. Шешуші кездесуде турнир қожайыны жеңіске жетіп, Давлатов жарысты екінші орынмен аяқтады.

Қазақстандық спортшы финалға дейін Тәжікстаннан келген Лойк Кудбудиновты, Бурунди өкілі Рауль Брийан Нганджиді, Панамерика ойындарының чемпионы бразилиялық Микел Аугустоны, әлем чемпионатының күміс жүлдегері француз Ромен Валадье-Пикарды және әлем чемпионы, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері жапониялық Рюдзу Нагаяманы жеңді.