Азия ойындары: джиу-джитсу шебері Мерей Қабдуллаев күміс жүлде иеленді

Автор: Дәулет Ботагөз

Спортшы жарыс барысында жоғары шеберлік танытып, финалға дейін үш қарсыласын сенімді түрде жеңді

Фото: olympickz

Қазақстандық 19 жастағы джиу-джитсу шебері Мерей Қабдуллаев Азиадада сәтті өнер көрсетіп, 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Спортшы өзінің алғашқы Азия ойындарында ақтық сынға дейін жетіп, құрама қоржынына күміс медаль салды. Мерей Қабдуллаев жарыс барысында жоғары шеберлік танытып, финалға дейін үш қарсыласын сенімді түрде жеңді.  

Финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы Сауд Арабиясының өкілі Абдулла Тарик Надамен кездесті. Шешуші белдесуде қарсыласына есе жіберген отандық спортшы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды.