Ғұсман Қырғызбаев моңғолиялық балуаннан жеңіліп қалды: ол енді қола медаль үшін сынға түседі

Автор: Асыл Арман

Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін қытайлық Сюэ Цзыянмен күреседі

Фото: Olympic.kz/Сали Сабиров

Қазақстандық дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандасымыз 66 келіге дейінгі салмақта финалға шығу үшін өткен белдесуде моңғолиялық Йолк Казирбекпен кездесті.

Нәтижесінде моңғолиялық спортшы «вазари» ұпайын иеленіп, жеңіске жетті.

Ал Ғұсман Қырғызбаев қола медаль үшін қытайлық Сюэ Цзыянмен күреседі.