Жүзуден Қазақстан құрамасы Азия ойындарының финалына шықты

Автор: Асыл Арман

Енді отандастарымыз алтын жүлде үшін күреседі

Фото: Olympic.kz/Никита Басов

Қазақстан ерлер құрамасы жүзуден Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының финалына шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Отандастарымыз 4х100 м кешенді жүзуден эстафеталық жарыста өнер көрсетті. Ұлттық құрама қашықтықты 3:38.65 уақытта жүзіп өтіп, жалпы есепте үшінші орын алды.

Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы алтын жүлде үшін күреседі.

Айта кетейік, осыған дейін Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден ақтық сынға өткен еді.