Көшпенділер жарысы: Қазақстанның көкпаршылары Ресейдің құрамасын аса басымдықпен жеңді  (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Есеп 14:1 болған

Фото: скриншот

Қырғызстанның Бішкек қаласында өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстанның көкпаршылары Ресейдің ойыншыларына дес бермей, 14:1 есебімен жеңіп шыққан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ойынның видерсын «Qazsport» телеарнасы жариялаған. Байқалып тұрғандай, қазақ көкпаршылары ойын бойы басым түсіп, Ресейдің көкпаршыларына алға озатындай мүмкіндік бермеген.

Осылайша, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында еөкпардан Қазақстан құрамасы алғашқы ойында 14:1 есебімен жеңіске жетті.