Оның кандидатурасына Құрылтай келісім берді
Бүгін Құрылтайдың салалық комитеті Туризм және спорт министрінің кандидатурасына келісім беріп, Ақорда бұл лауазымға Ербол Мырзабосыновты қайта тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қазақстан Республикасы Құрылтайының Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында ҚР Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындау үшін Ербол Мырзабосыновтың кандидатурасы келісілді. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 30-бабына сәйкес қаралды», - деп хабарлайды Құрылтайдың баспасөз қызметі.
Комитет бұл кандидатураны Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындауға болатыны туралы қорытынды берген. Кейін Ақорда оның қайта тағайындалғары туралы Жарлықты жариялады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды», - деп хабарлайды Ақорда.