Қазақстандық шабуылшы «Мидлсброға» қарсы ойында негізгі құрамда алаңға шықты
Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Чемпионшиптің төртінші турында өткен «Бернли» – «Мидлсбро» матчының үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Sportarena.kz мәліметінше, кездесу Бернлидегі «Терф Мур» стадионында өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды. Қазақстан құрамасы мен «Бернлидің» шабуылшысы Дастан Сәтпаев негізгі құрамда алаңға шығып, матчтың 81-минутында ауыстырылды. Ойыннан кейін Дастан матчтың үздік ойыншысы деп танылды.
Қазір «Бернли» 2 ұпаймен турнир кестесінде соңғының алдындағы 23-орында тұр. Ал «Мидлсбро» 7 ұпаймен бесінші орынға жайғасқан.