Қазақстандық футболшы чемпионатта алғаш рет «Бернлидің» негізгі құрамында алаңға шықты
Ағылшын футбол лигасының (Чемпионшип) үшінші турында «Бернли» сырт алаңда «Норвичтен» ірі есеппен жеңілді. Кездесу алаң иелерінің пайдасына 4:1 есебімен аяқталды, ддеп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Sports.kz мәліметінше, 29 тамызда өткен кездесу Норидж қаласындағы «Карроу Роуд» стадионында өтті. Матч бастала салысымен «Бернли» екі жылдам гол жіберіп алды. 2-минутта «Норвич» шабуылшысы Мохаммед Туре есеп ашса, 5-минутта жартылай қорғаушы Андре Брукс есепті еселеді.
21-минутта Туре дубль жасап, есепті 3:0-ге жеткізді. 27-минутта «Бернли» жартылай қорғаушысы Джош Лорент есеп айырмасын қысқартты. Алайда 67-минутта Брукс өзінің екінші голын соғып, матчтың нүктесін қойды – 4:1.
Қонақтар кездесуді он ойыншымен аяқтады. 77-минутта Лорент екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.
Қазақстан құрамасының 18 жастағы ойыншысы Дастан Сәтпаев кездесуді «Бернлидің» негізгі құрамында бастап, алаңға алғашқы минуттан шықты. Алайда қазақстандық футболшы нәтижелі әрекетімен көзге түсе алмады. Бұл – Сәтпаевтың чемпионат аясында «Бернлидің» негізгі құрамында матчты алғаш рет бастап шығуы.
Үш турдан кейін «Бернли» бір ұпаймен турнир кестесінде 21-орында тұр. Ал үш ұпай жинаған «Норвич» 15-орынға жайғасқан.